NASA Жерге қауіпті астероид жақындағанын айтты
Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу бойынша ұлттық басқарма (NASA) Жерге 138971 (2001 СВ21) астероидының жақындағанын мәлімдеді. Мамандар аталмыш астероидты планетамыз үшін қауіпті деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsweek басылымына сілтеме жасап.

Ғалымдар ғарыш денесінің диамтері шамамен 1,3 шақырым екенін айтады. Бұл Эйфель мұнарасынан 4 есе үлкен.
Астероид Жерге 4 наурызда Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де жақындайды. Осы уақытта сағатына 43 мың шақырым жылдамдықпен ұшқан астероид Жерден үш милион шақырым қашықтықтан өтеді. Бұл Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан он есеге көп.
Айта кетейік, бұған дейін Жерде магнит толқуы басталғанын хабарлаған едік. Толқуға Күн бетіндегі жарқыл себеп болған.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"