"Намысқа тиеді": Дастан Оразбеков әртістерді "шегірткеге" теңеген Саят Медеуовтің сөзіне пікір білдірді
Әнге балағат сөздерін қосып, хайп қуып, арзан атақ үшін ойына келгенді жасап жүргендер Саят Медеуовке жақпай қалған еді. Өнер иесі биліктен желіге жөнсіз дүние жүктейтіндерді жүгендейтін заң керек деген өтінішін айтты. Ал Дастан Оразбеков мұның мүмкін еместігін алға тартты. Оның сөзінше, оған қарсы шығу үшін ғаламтор желісін толығымен алып тастау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оразбеков әріптесі Саят Медеуовтің әртістерді "шегірткеге" теңегеніне қатысты өз ойын айтты.
""Шегіртке" деген намысқа тиетін нәрсе. Дегенмен ол үйлестіру ғой. Мектепте оқығанымыздай, жан-жақта ән айтып, түбінде баспанасыз, ештеңесіз далада қатып өлді дегенге келеді.
Бірақ менің ойымша, санасы жетілген адам оны дұрыс түсіне алады. Ал санасы төмен адам шегіртке деп ойлайды.
Ал енді бірден хайп болып шығып кеткен жұлдыздар бірден сөніп қалады. Оның бәрін уақыт көрсетеді. Әрі қарай дамып кетуі екіталай", - деп бөлісті әнші.
"Бір ұйықтаса бірнеше күн бойы оянбайтын ауыл": Тылсым "Калачи" туралы не белгілі?
"Ұйқы дерті" ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Дегенмен ресейлік спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы есепте алтыншы орын алды