Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Жарым екеуміз әлі күнге дейін қыз бен жігіт секілдіміз

Дастан Оразбеков мектептегі алғашқы махаббаты мен өмірлік жұбайы жайлы сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оразбеков бастауыш сыныпта оқып жүргенде Мәдина есімді әнші аруға ғашық болғанын айтады. Алайда Оразбеков оған сол күйі сезімін білдірмеген. 

"3-сыныпта Мәдина мектепаралық "Әнші балапаннан" 1-орын алған болатын. Ол "Ақ сәулем" әнін орындады. Ал мен "Қара бауыр қасқалдақты" айттым. Бірінші орынды екеумізге бөліп берген сәт бар. Ол мектептегі озат оқушылардың бірі еді. Ол кезде сезімімді айта алмадым. Ол балалық махаббат қой. Кейін сөйлестік. "Неге айтпадың?" – деді. Анама келіп: "Мен осындай қызға ғашық болып қалдым. Бүгін оның қолынан ұстап, үйіне шығарып салдым" деп айтқаным бар", – дейді Оразбеков.



Сондай-ақ өнер иесі қазіргі жұбайы, екі ұлының анасы Жаннат жайлы сөз қозғады. Танитын жандар Дастан мен Жаннаттың махаббатқа берік екендерін айтады. Әнші мұны растады. 

"Біз жарым екеуміз әлі күнге дейін қыз бен жігіт секілдіміз. Кейде бір-бірімізге деген махаббатымыз қатты ашылады да, кейде бір сөзге бола сөніп қалуы мүмкін. Бірақ сезім мен қарым-қатынас сонысымен тәтті шығар", – деп ағынан жарылды ол.
 

Талқылау