Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедек балалардың көңілін көтерген Ернар Айдар елдің батасын алды (видео)

Өзгелер той тойлап жүргенде Ернар Айдар қайырымды іспен айналысуда. Ел-елді аралап, концерт беріп жүрген әнші соңғы кездері тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандармен кездесу өткізіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz.

Жуырда әнші Қостанадайдағы мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде болып, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап қайтты. Ән шырқап, кішігірім концерт қойған Ернар әйгілі “Күнім, сен сөнбеші” әнін балалардың бірімен орындады. Видеосын жариялаған Ернар мұндай қадамға Никита есімді жеткіншек үшін барғанын жеткізді.

Желідегілер көңілі жабырқау балаларға уақыт бөлген әншіге ризашылықтарын білдірді. “Сізге Алла разы болсын” деп ақ тілектерін жеткізді тыңдармандар.

Жіберіп алмаңыз:

Көзілдірік пен водолазка киген Баян Есентаева той қонақтарын таңғалдырды

Мейрамбек Бесбаев жазушы Қали Сәрсенбайдың хатына жауап берді

Айдана Меденованың бала күнгі видеосы жұртты сүйсіндірді (видео)

Қайрат пен Жұлдыздың тойынан: Әншінің анасы тәтті естеліктерімен бөлісті (фото)

Талқылау