Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мырзахан Маханов: Барлығы Алланың қалауымен болып отыр

Жуырда Санкт-Петербург қаласында ота жасатып келген әнші Мырзахан денсаулығы туралы айтып берді. Әнші дәрігерлердің тыйым салғанына қарамастан, тойларға барып жүр екен. Мұнымен қатар, ол ауруы туралы халыққа айтқысы келмегенін жеткізді.

01ж

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Дәрігерлер бұл отадан кейін ән түгіл, сөйлей алмай қалатынымды айтты. Бұл жерде Алланың қалауы болып тұр. Себебі, 10 адамның біреуінің немесе екеуінің ғана отасы сәтті өтеді екен. Көп маман даусымның қалпына келуі үшін жауап бере алмайтындарын жеткізді. Содан да қатты қорықтым», – дейді әнші.

Мырзахан мырза әншілігін құрбан етсе де, тәуекелге бел буған екен. Бір жарым сағат пышақ астында болған әнші мұндай қорқынышты бастан өткеруді ешкімге тілемейді.

«Тамағымды кесіп алып тастаған сияқты болды. Жұтына алмай жаттым. Бес сағатқа дейін мұрынмен, ауызбен демалдым. Медбикелер берген наркоздың күшімен ғана демалып жаттым. Оның күші кеткен соң біраз ауырдым. Бұл туралы жұртқа жар саламын деген ой болмады. Ешкімге айтқан да, жасырған да жоқпын», – дейді Мырзахан мырза.

Әнші желбезегінде өскен етін алдыртқан еді. Қазір әнші дін-аман. Тіпті, бір ай бойы үйден шығуға болмайтынын білсе де, тойларда жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова не себепті тұсау кесіп көрмегенін айтты

Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін ақша алатыны рас па?

Сәкен Майғазиев осы күнге дейін 50-ге тарта сәбидің тұсауын кескен

Қытайлық фанаттар қазақстандық БАҚ-та Димаш туралы ақпараттың аздығына алаңдаулы

Талқылау