Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев осы күнге дейін 50-ге тарта сәбидің тұсауын кескен

Жұлдыздарға тұсау кестіру сәнге айналып келеді. Олар өзара жарысып жатқандай көрінеді. Бірінен соң бірі ала жіп пен қайшы ұстаған видеоларын желіде бөліседі. Мұндай видеоларды Сәкен майғазиевтің парақшасынан жиі байқауға болады. Ол осы күнге дейін көптеген сәбидің тұсауын кесіп үлгерген екен.

18160737_1682137922091139_6268823184502423552_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Сәкен Майғазиев елуге тарта сәбидің тұсауын кескен. Халық оны концертке іздеп келіп, сахнаның сыртында тұсаукесу рәсімін жасайды. Ал жұлдызды сәбилердің тұсаукесерлері той болып өтеді. Олардың танымал әке-шешелері «кілегей-қаймақтардың» басын қосып, дастархан жаяды. «Диета.кз» тобының мүшесі жалғыз қызының тұсауын өнердегі әпкесіне кестіруді жөн көріпті.

“Келіншегім қызыма аяғы ауыр болмай тұрып дайындалдым. Басында 100 адамға той жасаймын деп жоспарлаған болатынмын. Артынша қонақтарымның саны 200-ге жетті. Бірнеше жыл бұрын Жанар әпкеме «қызымның тұсауын кесесіз» деп қолқа салғанмын. Өйткені, ол кісі пысық. Қадамы нық, ойы терең, сөййлеген сөзінде мән-мағына бар”, – дейді әнші Жасұлан Базарбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық фанаттар қазақстандық БАҚ-та Димаш туралы ақпараттың аздығына алаңдаулы

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Ертай Нүсіпжанов: Димашты Қытай жобасына “ең танымал әншіміз” деп таныстырдым

Талқылау