9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)
Әмір Қабазиева жыл сайын өтетін халықаралық би чемпионатында ең күшті қатысушы атанды. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған сайыс 30 сәуір күні Гонконгте өткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық би қауымдастығының (Multi (International) Dancing Association) ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жарысқа 10 елден 250-ден астам биші қатысты.

Небәрі 9 жастағы Әмір Қабазиева латынамерикалық биден (жеке және жұп) бірінші орын алды, сондай-ақ «Чемпионаттың үздік шетелдік қатысушысы» аталымын жеңіп алды.
Әмір бір жарым жылдан бері Бейжіңде бал билері үйірмесіне барады.

Ал оған дейін Қазақстанда Алма Сағадиеваның жетекшілігімен «Көбелек» ансамлінде шығыс және әлем халықтары билерімен шұғылданған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)
Ертай Нүсіпжанов: Қазақ әнін тыңдамаған Димашты жат Қытай әлемге танытты
Қалдыбек Құрманәлиев: Өнерімізде “жезөкше” сазгерлер көбейді
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар