Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық фанаттар қазақстандық БАҚ-та Димаш туралы ақпараттың аздығына алаңдаулы

Димаштың Қытайдағы фанаттары қазақстандық БАҚ-қа деген наразылығын білдірді. Олардың айтуынша, Димаштың елге келгеніне бір апта өтсе де, жанкүйерлер оның қайда және не істеп жүргенінен хабарсыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170414190849

Желіде «Димаштың Қытайда тағы біраз қалғаны дұрыс еді» атты форум ашылып, онда фанаттар әнші туралы ақпараттың аздығы туралы пікір алмасқан. Бұл ретте желідегілер Димаштың танымалдылығы бәсеңдеп қалмаса жақсы еді деп оның келешегіне алаңдаушылық білдірді.

20170501162127

«Қытайда қазақстандық және қытайлық жанкүйерлер Димаш туралы ақпараттарды дер кезінде біліп отырды. Ал Қазақстанда қытай түгілі, қазақ жанкүйерлердің өзі Димаштың не істеп жүргенін білмейді. Жалпы алғанда, Қытайдың ақпарат тарату әлеуетінің Қазақстаннан күшті екенін осыдан білуге болады», – деп жазды love2015season есімді қолданушы.

20170501162121

«Бұл екі елдің шоу-бизнесінің жер мен көктей айырмашылығын білдіреді. Қазақстанның шоу бизнесі Қытайдағыдай жолға қойылмаған, ондағы «Dears» (Димаштың жанкүйерлері) саны аз. Димаш елге оралғанда мемлекеттік деңгейде жақсы қарсы алып еді, бірақ одан кейін бір апта өтті, еш хабар жоқ», – деп жазды Dryad есімді қолданушы және ол: «Димаш енді ғана танылып келеді, егер ол бір апта бойы жұрт назарынан тыс қалса, осыған дейін жинаған атақ-абыройы жоғалып кетуі мүмкін. Тұтас бір апта бойы жаңалық лентасында көрінбеген жұлдызды фанаттар күтіп отырады деймісің? Олардың назарын басқа жұлдыздар аударып әкетеді. Осыған менеджерлер көңіл бөлуі тиіс», – деп өз сөзін толықтырды.

20170501162115

Өзін LL деп таныстырған қолданушы қазақстандық фанаттардың да алаңдап отырғанын жеткізді:  «Ха-ха,  мына суретті көріп күлдім. Қытайлық фанаттар ғана хабарсыз қалды десем, қазақстандық фанаттардың да жағдайы мәз емес екен».

20170501162110

«Қазақстанда Димаштың жүріс-тұрысы, киімі, танылуы, имиджімен айналысатын команда жоқ секілді. Бар болса да, Қытайдағыдай болмайтын тәрізді», – деп жазды Dryad.

Оған қолданушы momowx77 жауап берді: «Мүмкін, солай болар. Димаштың ата-анасы өз сұхбаттарында Димаштың фан-парақшасы жоқ екенін, тек өздерінің парақшасында ғана ақпарат жарияланатынын айтқан еді».

Dryad: «Қытайлық жұлдыздардың күн тәртібі бірнеше ай бұрын белгіленіп, жаңалықтар жоспарлы түрде уақытымен шығып отырады. Ал Қазақстанда Димаштың жұмыс кестесі жоқ секілді. Бір апта бойы Димаш туралы елең еткізер ақпарат көрмедік, – деп сынға алды».

Жіберіп алмаңыз:

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Ертай Нүсіпжанов: Димашты Қытай жобасына “ең танымал әншіміз” деп таныстырдым

Жігер Ауыпбаевтың ауруы туралы ақпарат пиар ма?

Талқылау