Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздардың тұсау кескендері үшін қанша ақша алатынын білесіз ба?

Жұлдыздар ала жіп пен қайшы ұстаған видеоларын желіге жарыса жүктеп жатыр. Осы орайда, халық арасында олардың тұсауды белгілі бір қаламақы үшін ғана кесетіні туралы ақпарат тараған-ды. Мұны әнші Бағлан Әбдірайымов та растап отыр. Себебі, өзіне осы секілді ұсыныстар түскен екен.

14733351_565908830267519_2443248509185425408_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

«Әркім қалағанын жасайды. Мен өзімнің ұлдарымның тұсауын ер-азаматтарға кестірдім. Той иелері баласының тұсауын кескен адамға сый-сыяпат жасап жатады. Әрине, ақшалай емес. Орнына шапан жауып, құран кітап береді, ат мінгізеді. Бірақ «Мен балаңның тұсауын кесіп беремін. Маған осыншама ақша бер» деген қазақты көрген емеспін. Керісінше біз өзіміз сый-сияпатымызды алып барамыз. Алғысымызды айтып, той кәдесін жасаймыз. Ел-жұрт бізді күтіп отырғандықтан, кешікпеуге тырысамыз», – дейді Тоқтар Серіков.

Халық арасында «жұлдыздар тұсау кескендері үшін аспандағы қаламақыны сұрайды» деген қауесет жүр. Мұны «Жігіттер» тобының әншісі де растап отыр. «Осы сөз рас секілді. Себебі, осыған ұқсас ұсыныс болған. «Сіз тұсауын кессеңіз, сізге қандай сыйақы беруге болады?» деп сұрағандар да кездесті. Бірі шапан жауып жатса, енді бірі ат мінгізіп жатады», – дейді Бағлан Әбдірайымов.

Ал Асхат Тарғын керісінше өзі сыйлық пен көрімдік ұсынатынын айтып жатыр. «Ол кісілердің өздері маған сыйлық жасапты. Рахмет! Қазақ халқы алыс-беріске үйреніп қалған ғой. Өзім де ырымын жасап, төрт жол өлеңіммен тұсау кестім. Жөн-жоралғысын жасап, ақшасын да ұсындым», – дейді Асхат мырза.

Жасұлан Базарбаев қызының тұсауын кескен Жанар Айжановаға алтын жүзік тақты.


Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев осы күнге дейін 50-ге тарта сәбидің тұсауын кескен

Қытайлық фанаттар қазақстандық БАҚ-та Димаш туралы ақпараттың аздығына алаңдаулы

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)

Талқылау