"Мұндай адамдарды қалай тыңдауға болады?": Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев қарсыластарын сынға алды
"Өзгелер секілді бос ұрандатып жүргенім жоқ!" Сайлау жақындаған сайын кандидаттар саяси аламанның көрігін қыздыруда. Өзін президенттікке оппозициядан ұсынған жалғыз үміткер санайтын Нұрлан Әуесбаевтың әлеуметтік желіге салған мәлімдемесі елді елең еткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаевтан өзгені бақталас санамайтынын айтып, саяси бәйгедегі қарсыластарын сынап өткен. Тек қазіргі президенттің халықтық коалициядан сайлауға қатысуын жөн санамайтынын жеткізді.
Ал "Ауыл" партиясының үміткері Жигули Дайрабаевты партияға мүше емес, дейді Әуесбаев. Тіпті саяси додадан шетте жүрген Азат Перуашев пен Ермұхамет Ертісбаевты да сөзбен түйреп өтті.
- "Біз оның кандидатурасын қолдаған жоқпыз": "Мұқалмас" ұйымы президенттік сайлауға түспек болған Әлтаевтың заңсыз әрекетін ашып берді
- "Президент атану үшін бара жатқан жоқпын": Қазақстанда кезектен тыс сайлауға үміткерлер саяси додаға түсудегі мақсаттары туралы айтты
“Шындығын айтқанда, үміткерге лайықты қарсылас тек Тоқаевтың өзі ғана. Мысалы, Перуашевты алайық, ол халыққа не істеді? Өзі 500 шаршы метр сарайда тұрады. Ертісбаевты алайық. Мүлдем айтуға тұрмайды. Сонда осындай адамдарды тыңдап, осылардың айтқанымен жүруіміз керек пе?! Жоқ, әрине. Мен бұл жайында ашық айтудан қорықпаймын”, – деді ҚР президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаев.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
