Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы Франциядағы мэрия қабырғасында көрсетілді

Charlie Ebdo журналында жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын сабақта көрсеткен мектеп мұғалімі Самуэль Патидің басын 18 жастағы шешен кесіп алған. Соған байланысты Францияның Монпелье қаласындағы мэрия қабырғасына карикатура салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

пайғамбар

Бұған дейін Париждің орталығында және Францияның басқа қалаларында қаза тапқан мұғалімді еске алу акциясы өтті. Адамдар көшеге сөз бостандығын, республикалық еркіндік пен оқытушыларды қолдау ұрандарымен шықты.



Самуэль Патидің өлімі 16 қазанда кешке Париж маңындағы Конфлан-Сент-Онорин қаласында болды. Қылмыскер -18 жастағы шешен Абдулах Анзоров колледждегі мұғалімнің басын кесіп алған. Мұнымен қоймай қылмысын видеоға түсіріп, желіге салып жіберген. Кейін полиция террористті атып өлтірді.

Қылмыстың себебі - бірнеше жыл бұрын әйгілі Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы. Пати бұл суретті Франциядағы сөз бостандығына арналған сабаққа байланысты студенттерге көрсеткен екен. 

Еске салсақ, Париж маңында 18 жастағы шешен сыныпта сөз бостандығын талқылау кезінде Мұхаммед пайғамбарды мазақ еткен суреттерді көрсеткені үшін тарих профессоры Сэмюэл Патидің басын кесіп тастады. 

Талқылау