Мұхтар Шаханов: Халықты мағынасыз әнге тойдырып, Гитлердің арманын орындап жатырмыз
Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов елімізде “Зың-зың” сияқты мағынасыз әндердің көбейіп кеткеніне күйінді. Шахановтың айтуынша, қазақ эстрадасында арзан әуенге әуес, атаққұмар әншілер көбейген. Бұл ретте елдің болашағын ойлап жатқан ешкім жоқ деп назданды ол.
Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
“Біз жұрттың талғамын нашарлатып, әлсіретіп алдық. Түкке тұрғысыз әншілер жұлқынып кеп әндерді орындайды, не мағына жоқ, не мазмұн жоқ. Сөзін де өздері жаза салған. Соларға үлкен жиындарда отырған кемпір-шалдарға дейін қол соғып отырады”, – деп ессіз әншілер мен ессіз тыңдармандарға деген өкпесін жеткізді Шаханов.
“Кезінде Гитлерден: “Шығыс жақтан жаулап алған елдерге қандай саясат қолданамыз?”, – деп сұраған. Сонда Гитлер: “Оларға ертеден кешке дейін музыка қойып қою керек, кітап оқуға, ойлануға мүмкіндік бермеу керек. Өйткені адам неғұрлым рухани жағынан саяз болса, соғұрлым өзін бақсы сезінеді”, – деген. Қазір сол Гитлердің арманы бүкіл әлемде іске асты”, – деп түсіндірді Халық жазушысы.
Шахановтың пікірін өнер иелері де қоштай түсті.
“Ол кісіге ренжуге болмайды. Оны дұрыс түсіну керек. Халықтың талғамы сол деңгейде болса, көп жастардың деңгейіне түспей, Мұхтар Шахановтың деңгейіндегі әндер орындалатын болса, қанеки?!” – деп атап өтті Төреғали Төреәлі
“Оны айтуын айтасың, бірақ тыңдалмаған сөз жетім дейді ғой. Айтқанымызбен, біз туралай салатын нәрсе емес ол”, – деп қоштады “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев.
Ал “Шудың бойында” атты жеңіл әнімен танылып, артынша “Зың-зыңға” клип түсірген Ахан Отыншиевтің Шахановқа берер жауабы дайын.
“Менің жауабым, ауыр әдемі әндер көп. Жүрегіңді суырып, өкпеңді қолыңа ұстатып жіберетін мықты әндер көп қазақта, бірақ жеңіл әндер өтіп жатыр. Жеңіл ән өткеннен кейін, осындай боп жатыр”, – деп ақталды ол.
Жіберіп алмаңыз:
Нағыз өнер адамының жары: Достары Асылхан Төлеповтің жұбайын сипаттап берді (видео)
51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды
Әпкеме жездем сай: Сивиді масқаралаған қара PR-дің авторы әншінің өз күйеуі болып шықты (видео)
Артур Төлепов інісінің тойында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)