51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды
Қоғам қайраткері, әнші әрі депутат Бекболат Тілеухан 50-ден асқан шағында ұлды болды. Сүйінші хабарды елге әнші Ибрагим Ескендір жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сүйінші ағайын! Бекболат ағамыз ұлды болды. Ағатай, батырдың бауы берік болсын! Ата-анасының, туған-туысының, ел-жұртының айбынды азаматы болғай! Алла мейірім махаббатына бөлесін! Құттықтаймыз достар”, – деп жазды Ибрагим Ескендір инста-парақшасында.
Айта кетейік, Бекболат Тілеуханның отбасында 2015 жылы қыз бала дүниеге келген еді. Отандық арналардың біріне берген сұхбатында Қоғам қайраткері бірнеше отбасы бар екенін айтқан болатын.

Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”