Moody's халықаралық агенттігі Halyk Bank-тің рейтингін тұрақтыдан оң болжамға көтерді
Moody's Investors Service халықаралық агенттігі Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингтерін Baa2 деңгейінде растады. Агенттік банктік болжамды тұрақтыдан позитивті оң бағытқа өзгертті.
Moody's сарапшыларының пікірінше, рейтингтерді тәуелсіз деңгейде растау банктің күшті капиталы, табыстылығы мен жақсы өтімділігі арасындағы тепе-теңдікті көрсетеді.
Moody's агенттігі оң болжам жасай отырып, Halyk Bank-тің операциялық ортасының жақсаруынан үміт күтеді. Атап айтқанда, жоғары баға топтың қызметін кеңейтуге, оның қаржыландыру базасының құбылмалылығын азайтып, негізгі несиелік көрсеткіштерді сақтап, жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының өсіп, инфляцияның төмендеуі банкке үлкен тәуекелдерсіз-ақ дәйекті дамуға мүмкіндік береді. Бұл Halyk депозиттік рейтингінің де көтерілетінін көрсетеді.
"Қандай сын-қатерлер болсын тұтынушыларға тұрақтылық пен сенімділікті көрсету біз үшін өте маңызды. Түрлі жағдайда да біздің басымдылығымыз халықаралық стандарттарға сәйкес бизнес-процестерді, сәйкестікті бақылау процедуралары мен тәуекелдерді басқаруды үздіксіз жетілдіру болып табылады. Сол үшін де қызметтің негізгі көрсеткіштерін жүйелі түрде жақсарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ал Halyk болжамын тұрақтыдан оңға дейінгі көрсеткіште жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді рейтингтерді растау біздің банктің стратегиясын жүзеге асырудың тиімділігін тағы бір рет көрсетеді", – деді Halyk Bank-нің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.
Талқылау

Радикализмнен қорғанудың жолы – иммунитет қалыптастыру: Теріс ағымнан сақтануда діни білімнің маңызы қандай
Әл-Фараби Болатжан: “Надандық бар жерде радикалдық ағым кең етек жая бастайды”

"Несиенің пайыздық мөлшерлемесі азаяды": Сарапшы коммерциялық банктер тұрғын үй жинағын енгізсе қандай өзгерістер болатынын айтты
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”