"Менде бәрі жақсы, статистикам ұрып тұр": Мөлдір Әуелбекова желідегі шудан кейін концертте бой көрсетті

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі өзіне қатысты шудан кейін концертте бой көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Оралда өткен концертке қатысқан. Ол сахнаға шығып, көрерменмен тілдесіп, өзінде бәрі жақсы екенін айттты. Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі белсенділігінің артқанын да әзілмен жеткізді.
“Қалдарыңыз қалай? Менде бәрі күшті. Әлеуметтік желідегі статистикам да жақсы болып тұр, ұшып тұр”, – деді ол.
ОқыңызМөлдір Әуелбекова “Ауыл” партиясының мүшесі екенін еске салды. Оның сөзінше, бұл шешім оның өмірлік ұстанымы мен шыққан ортасына байланысты.
“Негізі мен “Ауыл” партиясының мүшесімін. Өзім барыммен, талантыммен сіздерге қызмет етіп жүре беру үшін осы партияны қолдадым”, – деді әнші.
Өнер иесі көрерменге алғысын білдіріп, келер уақытта да шығармашылығын жалғастыра беретінін жеткізді.
Мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова КешYou-дың концертіне қатыспайтынын мәлімдегені хабарланған еді. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, концерт өзісіз де жоғары деңгейде өтеді. Ол, осылайша, өнер жолындағы үлкен бір тараудың бетін жабатынын жеткізді.
“Кешьюдың концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын”, – деп жазды ол.
Ал Баян Алагөзова оның бұл шешімін сатқындық деп бағалады. Продюсер ашуын жасыра алмай, Мөлдір Әуелбекованың бұл қылығына мүлде таңғалмағанын айтты.
“Мөлдір Әуелбековадан мен дәл осыны 100 пайыз күттім. Ол мені жолдың ортасында тастап кетті. Ол кезде мен барлық процесті бастап қойған едім. Кемінде 200 мың доллар жұмсап қойған едік”, – деді продюсер.
Баян Алагөзованы ең қатты Мөлдір Әуелбекованың концерт процесі жүріп жатқан кезде біржақты шешім қабылдап, алдын ала жеке хабарлама жазбай, көпшілік алдында концертке қатыспайтынын жариялағаны ренжіткен.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?