Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мінсіз көшбасшы болмайды": Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікір білдірді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сауалына жауап берді. Кездесу барысында елдегі саяси жағдай туралы да пікір білдірді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтып, Ақорданың саясатын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

ғали есқалиев

Ғали Есқалиев аймақ әкімдерінің атқарушы билік екенін айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын толығымен қолдайтынын мәлімдеді. 

"Елбасының тарихи рөлі ерекше. Ол Қазақстанның мемлекеттігінің негізін нығайтты. 30 жыл бойы ол туралы айтып, қолдап келдік. Мұны ұмытуға болмайды", – деді ол журналистердің сауалына жауап беріп.

Әкімнің сөзінше, басшы болғандықтан, қызмет барысында түрлі қиындықтар туындайды.



"Білікті тарихшылар, саясаткерлерге құлақ асу керек деп ойлаймын. Әркімнің өз ойын айтуға құқығы бар. Әрі біз Қазақстан тарихынан да Елбасының рөлі туралы білеміз. Ол 1990-2000 жылдардан өткен. Сондықтан олардың сөзіне иек тіреу қажет. Тағы да айтамын, мінсіз адам болмайды. Біз де қызмет барысында түрлі қиындықтарға тап боламыз. Мінсіз көшбасшы болмайды. Мысалы, сот шешіміне екі тарап та риза бола болмайды. Бірі қарсы шығады. Билікте де дәл солай. Көпшіліктің көңілінен шығатын шешім қабылдау өте қиын. Осы себепті Ұлт көшбасшысы – Елбасының рөлін байыппен бағалау керек деп есептеймін", – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев. 

Айта кетейік, бұған дейін ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса "ҚР тұңғыш президенті – Елбасы туралы" заңның алынып тастайтынына қатысты пікір білдірген еді. Ол Назарбаевтың құқығы қарапайым адамдармен тең екенін айтқан. 

Талқылау