AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде референдум қалай өтеді? Орталық сайлау комиссиясы жауап берді

Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдады. Сонымен қатар Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу тәртібін 1995 жылғы 2 қарашадағы "Республикалық референдум туралы" Конституциялық Заң айқындайтынын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

референдум

Конституциялық Заңның 20-бабына сәйкес, референдумға дайындық пен оны өткізуді Орталық референдум комиссиясының қызметін атқаратын ҚР Орталық сайлау комиссиясы және аумақтық референдум комиссияларының қызметін атқаратын аумақтық сайлау комиссиялары және учаскелік референдум комиссияларының қызметін атқаратын учаскелік сайлау комиссиялары жүргізеді. 

Отырыста республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жобасы шығарылды. Осылайша аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында  2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірілмей жариялануға тиіс. 
Референдум учаскелерінің аумағы туралы хабарламалар да осы уақытта БАҚ-та жариялануы керек. 



"Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалғаннан сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады. Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне әрбір учаске бойынша әкім қол қояды және хаттама бойынша бұл тізім 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей ұсынылады", – деді Константин Петров Орталық сайлау комиссиясында өткен отырыста. 

Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен мекенжайы туралы азаматтарды 2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей хабардар етеді. Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялар дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін референдум өткізеді. 

Дауыс беру қорытындысы Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады және хаттамамен рәсімделеді. Оған Орталық референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері қол қояды және қаулымен бекітіледі.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің Қазақстанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр