Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум 5 маусымда өтеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін мен 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау туралы республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойдым. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына азаматтардың жалпыға бірдей дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарға берік екенімізді көрсетеді. Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға әрбір азамат тікелей атсалысуы керек", - деді президент.
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiледі.
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктеледі.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?