Шымкентте ер адам өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, балалардан интимдік суреттерін сұраған
Шымкентте желі арқылы балалардан интимдік сипаттағы фотосуреттер сұраған азамат ұсталды. Ол желіде өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, хат алмасып, сөйлескен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, ер адам ғаламторда 10-12 жастағы балалармен танысқан.
“Олар ер адамның 14 жастағы жасөспірім екеніне сеніп, мессенджерлерде байланысты жалғастырған. Бір эпизодта ол қызбен онлайн ойын арқылы танысып, телефон нөмірін сұраған. Кейін WhatsApp-та хат алмасып жүрген”, – делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, содан кейін ер адам баладан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнелерді жіберуді сұрай бастаған.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның кінәсін мойындағанын жеткізді. Қазір оқиғаның барлық жағдайлары анықталып, оның басқа да ұқсас эпизодтарға қатысуы тексерілуде”, – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
