"Семей орманында" ақшалай сыйақы үшін ағаштарды заңсыз кесуге рұқсат берген лауазымды тұлғалар ұсталды
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды тұлғалар ақша үшін орманның құнды учаскелеріне заңсыз қолжетімділік беріп, ағаштарды жаппай кесу мен сатуға жағдай жасаған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдіктілер ағаштарды жаппай заңсыз кесіп, сатуды ұйымдастырған. Тергеу нұсқасы бойынша, олар ақша үшін құнды орман учаскелеріне кіруге мүмкіндік беріп отырған.
“Олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды”, – делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі (“пара алу, яғни лауазымды адамның заңсыз сыйақы алуының ауырлататын түрлері”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн