Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұлы қамап ұстаған": Алматыда көшеде қолы байланып, жалаңаяқ жүрген әйел көптің назарын аударды

ұлы қамап ұстаған
Фото: Желі кадрларынан скрин

Алматыда көшеде қолы байланып, жалаңаяқ жүрген әйел көптің назарын аударды. Ол көшедегі адамдарға ұлы өзін үйде қамап ұстағанын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Письма президенту" Telegram арнасының мәліметінше, әйелді осындай күйде жергілікті тұрғындардың бірі байқап қалған. Оның айтуынша, әйел үйден көшеге әрең қашып шыққан. Кейін әйелді туған ұлы байлап, өзінің отбасылық өміріне араласұаны үшін жазалағаны айтылды. 

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.

"Әйелдің кім екені анықталды. Қазір ол полиция бөлімінде түсініктеме беріп жатыр. Бұған дейін осы жағдайға қатысты полицияға ешқандай арыз түспеген", – деп мәлімдеді ведомство.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады.

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 02 Қазан, 2026 13:13