Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарынан алтын медаль жеңіп алды

Төрехан Сабырхан алтын алды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төрехан Сабырхан 70 келі салмақта, шешуші бәсекеде иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті сенімді бастап, бірінші раундта-ақ төрешілердің бірауыздан қолдауына ие болды. Екінші үш минуттықта да Төрехан басымдығын бермеді. Бұл раундта Иордания өкілінің есебінен бір ұпай шегерілді.

Осылайша, кездесудің соңына дейін артықшылығын сақтаған Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының осы жарыстағы алғашқы алтыны. Қазақстан бокстан Азия ойындарында алтын жүлдені соңғы рет 2014 жылы Инчхонда өткен додада жеңіп алған еді. Ал Джакарта мен Ханчжоуда ұйымдастырылған Азия ойындарында қазақстандық боксшылар чемпион атана алмады. Яғни бұл Қазақстанның 12 жылдан кейінгі алған алтыны.

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдесін алған еді. 

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 02 Қазан, 2026 10:41