Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті

Индира Жылқыайдарова өмірден өтті
Фото: Khabar.kz

"Хабар" агенттігі мен "7 арнада" еңбек етіп, парламент жұмысын ақпараттандырған қазақстандық журналист Индира Жылқайдарова өмірден өтті. Суық хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Марқұм журналисттің әріптестері оны  мейірімді, ақкөңіл, әрдайым күлімдеп жүретін әрі өз мамандығына адал, білікті журналист ретінде еске алуда. Айтуларынша, ол соңғы жылдары онкологиялық дертпен күрескен.

Әріптестері Индира Жылқайдарованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Индира Жылқайдарова кәсіби қызметінің басым бөлігін парламенттік журналистикаға арнаған. Ол депутаттардың жұмысы мен заң шығару органының қызметін тұрақты түрде ақпараттандырып отырған.

“Индира Орынбайқызы 2015 жылдан бастап "Хабар" агенттігінде еңбек етіп, соңғы жылдары "Хабар" телеарнасының "Жеті күн" бағдарламасында редактор-талдаушы қызметін атқарды. Ол парламенттік журналистикаға, қоғамдық-саяси мәселелер мен еліміздің заң шығару үдерісін ақпараттық тұрғыдан жария етуге айрықша ден қойды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды терең талдап, өзекті мәселелерді көрерменге жедел әрі шынайы жеткізуге үлес қосты”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 02 Қазан, 2026 10:55