Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алты банк депозит мөлшерлемелерін төмендетті

Теңге
Фото: iStock/Yevgeniy Sambulov

Қазақстанда қыркүйек айында 6 банк депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерін бірден төмендетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) мәліметінше, салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы шешімге базалық мөлшерлеменің 16,25%-ға дейін төмендеуі әсер еткен.

Қыркүйек айында бір банк мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемені 16,08%-ға дейін көтерді. Бұл көрсеткіш қазір осы сегменттегі ең жоғары мөлшерлеме болды.

Тағы бір банк мөлшерлемені 15,62%-ға дейін арттырды. Ал екі банк мөлшерлемені 15,3% және 14,4%-ға дейін төмендетті.

Қыркүйек айында мөлшерлемелердің өзгеруі теңдей бөлінгендіктен, нарықтағы орташа көрсеткіш өзгеріссіз қалып, 14,99% болды.

Айта кетейік, қазір мерзімсіз депозиттер халық арасында ең танымал салым түрі болып отыр. Қазақстандықтардың мұндай депозиттерді таңдауына оның тиімді шарттары себеп. Бұл депозит түрінен ақшаны сыйақыдан айырылмай кез келген уақытта алуға болады.

Қазір мерзімсіз депозиттерді еліміздегі 17 банктен ашуға болады.

Мерзімді депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме мерзімсіз депозиттерге қарағанда жоғары, бірақ шарттары жинақ салымдардағыдай қатаң емес. Мерзімді депозиттер толықтыру мүмкіндігі бар және толықтыруға болмайтын түрлерге бөлінеді.

Қазір толықтыру мүмкіндігі бар мерзімді депозиттерді еліміздегі 7 банктен ашуға болады. Оның екеуі пайыздық мөлшерлемелерін төмендетті.

Қыркүйек айында мұндай депозиттер бойынша орташа мөлшерлеме 15,11% болды. Алайда нақты шарттар депозиттің қай мерзімге ашылатынына байланысты. Қазір сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4,5%-дан 19%-ға дейін өзгереді.

Ал толықтыру мүмкіндігі жоқ депозиттерді тек бір банктен ашуға болады. Қыркүйек айында банк олардың шарттары мен мөлшерлемелерін өзгертпеді. Сыйақы мөлшерлемесі бұрынғыдай 12,2%-дан 18,01%-ға дейін.

Қазақстанда жинақ депозиттері де екі түрге бөлінеді:

  • толықтыру мүмкіндігі жоқ – ақша депозит ашылған кезде бір рет қана салынады;
  • толықтыру мүмкіндігі бар.

2026 жылдың қыркүйекгінде толықтыру мүмкіндігі бар жинақ депозиттерін 12 банктен ашуға болады. Қыркүйекте осы сегменттегі ең жоғары мөлшерлемені ұсынған банк оны 20,0%-дан 19,46%-ға дейін төмендетті.

Нәтижесінде мұндай депозиттер бойынша мөлшерлемелер қазір 4,5%-дан 19,6%-ға дейін өзгереді. Ал ел бойынша орташа көрсеткіш 14,64% болды.

Толықтыру мүмкіндігі жоқ жинақ депозиттерінде де жағдай ұқсас. Оларды еліміздегі 15 банктен ашуға болады. Қыркүйек айында 6 банк сыйақы мөлшерлемесін өзгертті. Қазір олар 5%-дан 19,5%-ға дейін өзгереді, ал орташа мөлшерлеме 15,1% болды.

Еске салсақ, 4 қыркүйек күні Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендеткен еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 19:57