AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламент Тұңғыш президентке қатысты заңды мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары "Республикалық референдум туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" ҚР Конституциялық заң жобасына Сенат енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

конституция

Сенаторлар енгізген толықтыру бойынша "Референдум туралы" Заңнан Елбасы туралы норма алынып тасталды. 

"Бұл Конституциялық заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары әзірледі. Өздеріңізге белгілі, заң жобасын биыл 4 мамыр Парламент Мәжілісі мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген болатын. Заң жобасын Парламент Сенатында қарау барысында қосымша толықтыру енгізілді. Бұл толықтыру Комитет отырысында қаралды. Сенат республикалық референдумның нысанасы бола алмайтын мәселелерді нақтылау мақсатында, "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 3-бабы 2-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отыр. Атап айтатын болсақ, "мемлекеттің тәуелсіздігін, республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту" мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды", – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов. 

Оның айтуынша, осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы "Тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту" деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды. 

"Қорыта келгенде, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісуді ұсынамыз", – деді комитет төрағасы. 

Палата отырысына қатысқан 96 депутаттың барлығы аталған өзгерістерге қолдау білдірді. Енді бұл құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр