AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

"Министрліктің қитұрқы әрекеттері": Қазақстандық белсенділер партия құруға кедергі болып жатқан жағдайларды айтты

Қазақстанда 8 жылда бірде-бір саяси партия тіркелмеген. Ал жұмысын ресми түрде бастай алмай отырған партия мүшелерінің айтуынша, бұған Әділет министрлігі кедергі келтіріп, Ата заңның 23-інші бабын орындамай отыр. Ал бұл бапта "Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар" деп жазылған. Дегенмен, қазақстандық белсенділер қанша соттассақ та түрлі қитұрқы әрекеттерден партиялар әлі күнге дейін тіркеусіз қалып отыр дейді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елдегі саяси белсенділікті арттыру үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы "Сайлау туралы" заңға бірқатар өзгертулер енгізіліп, Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде тіркеуден өту шегі 7-ден 5 пайызға азайтылған болатын. Алайда қазақстандық оппозиция өкілдері бұл әрекет елдегі демократияның дамуына ешқандай өзгеріс әкеле алмайды дейді. Өйткені Қазақстанда 8 партия бірнеше жылдан бері саяси партия ретінде тіркеле алмай жүр. Ал бұған партия мүшелері Әділет министрі Марат Бекетаевты кінәлайды.

“Құрметті Марат Бекетаев! Әділет деген сөздің терең мағынасын түсінесіз және заңгерсіз. Үлкен өтініш сізге заң талаптарына сәйкес азаматтардың Конститутциялық құқығын бұзбаңыз! Өйткені сіз министрсіз!”, – деді заңгер Ғазиза.

Белсенділер заңды құқықтарын талап еткен партия өкілдеріне еш мүмкіндік берілмейтінін айтады. Бір ғана тіркелмеген "Ел тірегі партиясы" 7 рет мүмкіндік жасаса да тіркеле алмаған. 

“Біздің конституциялық құқықтарды бұзып сөйтіп қайтарып жатыр. Ол жерде өлген адамдар бар деп 5 рет қайтарды бізге, ол жерде өлген адамдар жоқ”, – деді "Ел тірегі" партиясының төрағасы Нұржан Әлтаев.



Ал бұған дейін билікпен бірнеше жыл алысқан партиялар біраз қудалаудан кейін тіркеу әрекеттерін тоқтатқан.

“Бізді қудалады ғой. Біздің төрағамызды қудалай бастады. Үйіне спецназ кіріп кетті”, – деді тіркелмеген "Алаш" партиясының төрағасы Әділет Ғабдолла.

"Жоғарыдағылардың заңсыз әрекетінен шаршадық" деген қазақстандық оппозиция өкілдері саяси партияларды тіркеу заңдарына өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. 

“Түбегейлі заңды өзгерту керек. Ең бірінші регистрат партияны тіркеу деген заңды түрде болмауы керек. Елу адам, жүз адам құжаттарын жинады да, әділет министрлігіне тапсыру керек, ескерту ретінде. Олар міндетті түрде тіркеуі керек”, – деді Әділет Ғабдолла.

Осылайша, билікке талап қойған ұлттық үйлестіру кеңесінің мүшелері кезекті қарар әзірледі. Президент әкімшілігінен бастап министрлікке дейін жолданған құжаттағы ұсыныстары орындалмаса, барлық оппозиция бірігіп митинг ұйымдастырмақ. "Әділетсіздіктен әбден қажыдық дегендер тіпті шеруге ешкімнен рұқсат та сұрамаймыз" деп отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр