Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы оппозициялық топтар түгелдей бірігетін болды

Экс-Нұр-Отандық, экс-депутат Нұржан Әлтаев оппозиция серкелері Әкежан Қажыгелдин, Рысбек Сәрсенбай сияқты 49 азаматты жартылай онлайн, жартылай оффлайн шақырып, қазақстандық оппозицияны біріктірем деген ниетпен Нұр-Сұлтанда жиын өткізді. Жиынға оппозицияның ескі құрамы да, саясатқа енді араласқысы келетін жастар да қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Екі сағатқа созылған ұлттық кеңестің алғашқы отырысында жалынды сөздер көп айтылды. Шырылдап шындықты айтып үйреніп қалғандар бір-біріне дес бермей, қайта-қайта қол көтеріп ойларын ортаға салуға асықты.

Алғашқы жиындарында кеңестің атауын бекітеміз деген олар ақыры ортақ шешімге келе алмады. Әзірге ұлттық үйлестіру кеңесі деп аталатын ұйым еш жерде тіркелмеген, басшысы да жоқ. Тек әр жиналған сайын алфавит тәртібімен модератор тағайындалады. Айына бір рет бас қосып өзекті мәселелерді көтеріп, билікке ұсыныс айтып тұрмақ. Кеңес келер айда жер мәселесін көтереді. Ал айтып, талқылағаннан нәтиже шықпаса, жиналып алаңға бармақ.

"Жақсылап тұрып бір митинг өткізсек. Ең бастысы мен ойлаймын, біз жеңіске жетеміз, тек қана егер басымызды қосатын болсақ. Бұл барлығымыз үшін соңғы мүмкіншілік. Барлығыңыз көріп отырсыздар, біздің тәуелсіздігімізге қауіп төніп тұр", - деді тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының төрағасы Нұржан Әлтаев.



Халықтың жағдайына алаңдағандар әр көтерілетін тақырып бойынша жұмыс тобын құрмақ. Осылайша, мәселені түбегейлі зерттеп барып, шешу жолдарын қарастырады. Кеңес алдағы айларға тақырыптарын да әзірлеп қойыпты.

"Қазақстандағы саяси тұтқындар туралы мәселені қарастырсақ кеңесте, одан кейін мынау Қытайдағы қазақстардың жағдайы туралы", - деді Нұржан Әлтаев.

Ал оппозицияны біріктіруге ұмтылған Әлтаевтың әрекетіне біреулер алғыс айтса, кейбір азаматтар сенімсіздік танытты.

"Әйтеуір осы ниеті бір, осы халықты соңынан ерте алатын, басын біріктіре алатын азаматтарды Әлтаевтың қорасына кіргізу ме? Мен бұған үлкен күдікпен қараймын", - деді қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы.

Осылайша күдік пен сенім араласқан үйлестіру кеңесі өз жұмысын бастап кетті. Оған мүше боп кірген 50-ге жуық адамның біразы жиынға қатыспады. Тізімді бастап тұрған Тоқтар Әубәкіров, Макс Боқаев, Еркін Рақышев, Ермұрат Бапилер жиында болмады, ал Әкежан Қажыгелдин онлайн да қосылмады.

Бұған дейін Нұржан Әлтаев саяси күштердің басын қосып, оппозициялық одақ құратыны туралы мәлімдеген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр