Мемлекеттік ауруханалардағы вакцинаның сапасы жекеменшік емханалардағы екпеден төмен бе? Министрлік жауап берді

"СК-Фармация" төрағасы Берік Шәріп жекеменшік емханалардағы вакцинаның сапасы мемлекеттік ауруханалардағы екпемен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады деген мәлімет қаншалықты рас екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда екпе салынбаған балалардың ем-домын ақылы ету ұсынылды

"Екпелердің сапасы бірдей болады. Егер вакцинаның сапасы нашар болса, олар ауруханаларға таратылмайды. Бұл препараттар ДДСҰ-дан бөлек, мемлекеттік фармакологиялық қадағалаудан өтеді. Қазақстанда пайдаланылатын вакциналар бұған қоса арнайы тіркеуден өтеді", - деді Берік Шәріп. 

Айтуынша, вакциналар мұқият тексерістен өткізілгеннен кейін ғана емханаларға таратылады. 

"Дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігін тексеретін ұлттық сараптама орталығы бар. Бұл орталық вакцинаның клиникалық сынақтан өткен жерін, барлық құжаттар мен шығарылған мемлекеттен бастап барлық ақпаратты сараптайды. Сондай-ақ екпенің құрамына да бақылау жасалады", - деп қосты ол. 

Егер қандай да бір кемшілік байқалса, екпенің Қазақстанда тіркелуіне шектеу қойылады. Сонымен қатар ұйым төрағасы елімізге жеткізілген әрбір вакцина тиісті сертификациядан өтетінін ескерді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда вакцинацияға қарсы петиция пайда болғаны туралы айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр