Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев: Заңдағы "Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" деген мәтінді алып тастауды талап етемін

Мейрамбек Бесбаев референдумға үн қосып, өз ұсынысын білдірді. Әнші жеңіл әзіл мен балағат сөздерді ән мен фильмдерде қолдануға тыйым салуды сұрайды. Әріптестері әншіге қолдау көрсетті. 

Бізде шешілмеген мәселе толып жатыр

“Мен, әнші Мейрамбек Бесбаев, екі мәселе бойынша өз пікірімді білдіріп, үн қосқым келеді. Ең бірінші, "Тіл туралы заңның" 5- бабында: "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" деген мәтінді алып тастауды талап етемін. Тіліміз өз мәртебесін алуы тиіс. Еліміз көп ұлтты мемлекет болса да, бұл елдің иесі - Қазақ, бұл елдің тілі қазақ, бұл елде мүддесі биік тұруы тиіс тіл – ол Қазақ тілі!

Алтынай Жорабаева да бұл ұсынысты қолдайтынын айтып, үн қосты.

“Мен, Жорабаева Алтынай Құлажанқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері. Екі мәселе бойынша өз пікірімді білдіріп, үн қосқым келеді. Ең бірінші, "Тіл туралы заңның" 5- бабында: "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" деген мәтінді алып тастауды талап етемін. Тіліміз өз мәртебесін алуы тиіс. Еліміз көп ұлтты мемлекет болса да, бұл елдің иесі - Қазақ, бұл елдің тілі қазақ, бұл елде мүддесі биік тұруы тиіс тіл - ол Қазақ тілі!

Екінші, талап: елімізде өнер саласында сүзгі немесе талап енгізілсін. Анайы сөз, мағынасыз өлеңді ән қылып айтқан әншіге; “Сары пресса" деп бүркеніп, бір ауыз сөзді іліп алып, өзгертіп, жала жауып, жалған ақпарат таратып кететін, сауатсыз "журналиске"; хайп қуып, рейтинг қуып, баланың санасын улайтын, пайдасынан зияны көп, біреудің төсегін, бір елдің өсегін сөз ететін бағдарламаға; Ұятсыз фильмдер, бағдарламалар беретін телеарналарға; боқауызға толы контент жасайтын ютуб каналдарға; негізсіз ақпарат тарататын кез келген БАҚ өкіліне; Сахна мәдениетін, этикасын сақтамаған өнер адамына; Нақты талап, тыйым болсын. Жаңа Қазақстан бір күнде құрылмайды. Оны Сіз бен Біз құрамыз. Әр нәрсеге немқұрайлық танытып, өзіміз үйде үш сағат эфир көріп отыра бермей, референдумда барлығымыз белсенді болайық. Бірге өзгереміз. Бірге өсеміз”, – деп жазды әнші.

Бұл жазбаны өзге де өнер иелері қостап, жария етті. 

“Құрметті қазақстандықтыр! Осыған дейін Атазаңымызға мына заңды қоссын, мына заңды алып тастаған деген халықтың талабын ескеріп, үкімет референдум жасады. Өз ойымызды айтып, талабымызды ұсынатын уақыт. Референдумға бірге барайық. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық”, – деді Жұлдызай Дүйсенбиева. 

Бұған дейін Саят Медеуов мән-мағынасыз әндердің көбейіп баратынын айтып, үкіметке ашық үндеу жолдады. Өнер иесі ән мәтініне былапыт сөздер қосып айтатын әріптестерін заңмен тәртіпке келтіруді сұрады. Алайда өнердегі кей әріптестері Медеуовпен келіспеді.


Ақбота Керімбекова: Өскелең ұрпақ бұттан төмен әңгімелерді ән қылып айтып жүр

Талқылау