Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Мереке Қалбаева: Өліп жақсы көрген адамым арқамнан пышақ сұғып жүр екен

Мереке Қалбаева оқырмандарына жазба арнады. Жайдарманшы өз тәжірибесін бөлісіп, кеңесін айтты. Дос пен дұшпан тақырыбында әңгімеледі. 

Жайдарманшы өзінің дос санап жүрген адамы дұшпанға айналғанын, дұшпандары жақсы жолдасқа айналғанын сөз етті. Адамды Алланың разылығы үшін жақсы көр деген тілегін айтты. 

“Достар, мен соңғы уақыттарда мынаны түсініп жүрмін. Ешкімді жек көрмеңіз, ертең сол адам сіздің жан досыңыз болып кетуі мүмкін екен және ешкімді жақсы көріп періште санап кетпеңіз. Ол сіздің қас дұшпаңызға айналуы мүмкін екен. Жалпы ешкімді жамандаудың да, асыра сілтеп мақтаудың да қажеті жоқ. Тек Алланың разылығы үшін жақсы көріп жүре беріңіз. Өліп жақсы көргендерім арқамнан пышақ сұғып жүр екен. Жақтырмайтындарым жан досыма айналып жатыр”, –  деді.

“Әрине, адамның бәрі ала емес, адам аласы ішінде деген”, “Аман болыңыз, жақсы достарыңыз көп болсын”, “Жолдастың сатқаны жаман”, “Біз дос деп жүргеннің бәрі дос емес”, “Жолдас көп, достар аз болады”, “Менің де басымнан өткен”, “Опасыздық, сатқындық достар арасында кездеседі”, “Иә, бұл туралы дінімізде де айтып кеткен, жақсы деп жүргеніміз жаман болуы, жек көрген нәрсеміз өзіміз үшін қайырлы болуы мүмкін”, – деп жазды желідегілер. 

“Өле-өлгенше бірге болайықшы жарай ма? Абудул-Азим мен құрдастарының алғашқы көктемі құтты болсын. Елімізде де, әлемде де тыныштық болғай”, – деп жазды желіде Мереке жолдасына. 

Айта кетейік, жақында жайдарманшы Мереке Бауыржанқызы мен Әрсен Акиевтің екінші сәбиі дүниеге келді. Жұлдызды жұп ұлды болды.


STAN.KZ
Сәрсенбі, 27 Сәуір, 2022 09:55
Талқылау