AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мереке Қалбаева: Үлкен болсын, кіші болсын, еркек үйдің басы болуы керек

Блогер Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші жұбайымен ел алдында жиі қалжыңдасады. Оны "бөпеге" теңеп, тіпті жақында "тұңғышым 1-сыныпқа барды" деп әзілдегені тағы бар. Бұған қарап, көпшілік Мерекеге сыни пікірлерді жаудыратын көрінеді. Алайда елді күлдіру үшін ойластырылған бұл әзілдердің авторы шын мәнінде Арсен Акиевтің өзі болып шықты. 

Бұл туралы жұлдызды жұп Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Маған "күйеуіңді түсіре бермесей" деп көп жазады. Бірақ біздің үйде сценарийді осы кісі жазады. Мен мүлдем жаза алмаймын. 

Еркек үлкен, кіші болсын, үйдің басы болуы керек. Біз алдап-сулап, білдіртпей, айтқанымызды істетіп отырамыз", – деп күлді Мереке.

Мереке соңғы уақытта әншілік қырынан танылып жүр. Қанша сынға іліксе де, бикеш қолға алған істі соңына жеткізбей қоймайтынын айтып қалды. Көпшілік әзілкеш ретінде танығанымен, Мерекенің сазгерлік қабілеті бар болып шықты. Қоржынындағы әндердің авторы да – өзі. 



Бұдан бөлек, Арсен мен Мереке өздерінің YouTube арнасы үшін шағын сериал түсіруде. 

"Біз вайнер емеспіз. Бірақ жас жұбайлар арасындағы вайнның іргетасын біз қалап бердік. Қазір екінің бірі вайнер болып кетті. 

Бізде вайнға қадалып қалған жоқпыз. Басқа да тірліктеріміз бар. Сериал түсіріп жатырмыз, әндер шығарып жатырмыз. Instagram-ға ғана тәуелді емеспіз. Қазіргі заманда жаның қалу үшін, дұрыс өмір сүру үшін жан-жақты болу керек", – деді Мереке.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр