“Менің түкірігімді сатып алғысы келетіндер көп екен”: Дәулет Төлеутайұлы өзі жайлы жаңалықты түсіндірді
Желіде жұлдыздардың түкірігі сатылады деген ақпарат шықты. Дәулет Төлеутайұлы мұның рас-өтірігін айтып ақталды.

Желі қолданушылары әзіл ақпаратқа сеніп, сына ала бастады. Енді бірі түрлі сауалдар жолдай бастаған.
“Не деген сұмдық? Түкірік сатқаны несі?”, “Бұндайға қазір ешкім сенбейтін шығар”, “Әзіл жаңалық деп айтып отыр ғой”, “Сұраныс болса түкірігін сатудан тайынбайды”, “Ауыза түкіру ырым, ол жерде ақша жүрмейді”, деп жазды олар.
Бұған дейін Төреғали Төреәлінің жас баланың ауыза түкірген сәті көпке жарияланан еді. Нұрболхан Шарапов ауыза түкіру дәстүріне қарсы шығып, таланттың түкірікпен емес, қанмен келетінін айтты.
Ал Төреғали Төреәлі бұл дәстүрдің мәнін түсіндіріп көрді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?