"Танымал адамдардан талант жұқпас": Нұрболхан Шәріпов әншілерге баланың аузына түкірмеуге кеңес берді
Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шәріпов баланың аузына түкіретін әншілер мен ырымшылдарды іздейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұболхан Шәріпов әлеуметтік желідегі парақшасында ауызға түкіру дәстүрін есіне алып, ырымшыл ағайынға іздеу салған. Оның пікірінше талант деген қаннан келеді. Осылайша Нұрболхан Шәріпов ата-бабадан келе жатқан ауызға түкіру дәстүрін күлкіге айналдырды.
"Бiр Аллаһ әр пендеге бiтiм берген,
Тектiлiк дарымай ма тұқым, геннен?!
Танымал адамдардан талант жұқпас,
Балаңның ауызына түкiргеннен.
Пы.Сы. Шұғыл, баланың аузына түкiретiн әншiлер мен түкiртетiн ырымшылдарды белгiлеп жiбершi", - деп жазды әзілкеш.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар