Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Менен көріп алған": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі 20 жыл бұрынғы той көйлегін көрсетті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова той көйлегін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/

Өнер иелерінің шаңырақ көтергендеріне – 20 жыл. 

“Анжелика қалыңдық та менікіндей той көйлегін киіпті. Бетке пудра жағып, шашты өріп алған бақытты келіншек Мөлдірден бір сәлем!”, – деп жазды өнер иесі. 



Айта кетейік, танымал продюсер жары Тұрсынбекпен қалай танысқанын да жиі айтып жүреді. 

“Әртістер сезімтал келеді. Тұрсынбек мені жиі жасайтын тосын сыйларымен таңқалдырып, баурап алды. Студент шағымда төрт қызбен бірге үшінші қабаттағы бөлмеде тұрдым. 22.00-де жатақхана есігі жабылып, Тұрсынбек тереземнің алдында тұрып концерттер ұйымдастыратын. Үнді өлеңдерін айтып, би билейтін. Оның өнерін барлық қыз тамашалауға құмар болатын. Ол уақытта ұялы телефондар болмағандықтан, біз осылайша терезе арқылы тілдесетінбіз”, – деп жастық шағын еске алған еді продюсер.

Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/

Еске салайық, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі су астында қалған ауылын айтып, 1 миллион теңге бөлгенін жазған едік. 

Сондай-ақ отбасылық жұп тұрып жатқан шаңырақтарын көрсетті. 

Талқылау