Мектеп оқушыларымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім темір торға тоғытылды
АҚШ-тағы Нью-Бостон қаласында мұғалімнің көмекшісі оқушылармен жыныстық қатынасқа түскен.

Алқабилер соты кәмелетке толмағандармен байланысқан Эшлин Фэй Беллге соңғы үкімді шығарды. Оқушылардың біреуі оқиға болған кезде 16 жаста, ал қалған екеуі 17 жаста болған. 11 мамырда алқабилер Беллді бірінші жағдай бойынша төрт жылға, екінші және үшінші жағдай бойынша 10 жылға шартты түрде соттады.
Сот процесінде Белл ұлдардың жасы 18-ден асқанына сенімді болғанын айтты. Ол сонымен қатар Тексаркана тәуелсіз мектеп округінің қызметкерлері мен оқушылары арасында жыныстық қатынасқа тыйым салынғаны туралы "білмейтінін" мәлімдеді.
Оны босатқаннан кейін билік Беллді жыныстық қылмыс жасағандардың тізіміне енгізеді және ол құқық қорғау органдарының бақылауында болуы керек.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.