Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мехико метросында ер адамның жыныс мүшесі бейнеленген орындықтар қойылды (фото)

Мехико метросында ер адамның жыныс мүшесі бейнесіндегі орындықтар пайда болды. Бұл жайт ел тұрғындары арасында дауға айналды.

24256404

Ер адамның денесі кейпінде жасалған орындықта жыныс мүшесі де анық орнатылған. Бұл қоғамдағы ер адамдар тарапынан қоғамдық орындарда  болатын зорлық-зомбылыққа қатысты қолға алынған іс. Ұйымдастырушылар, осылайша қоғам мәселесіне назар аудартқысы келеді.

Орындық жанында: «Тек ерлерге арналған» деп жазылған. Кейбірінде «Отыруға ыңғайсыз болуы мүмкін.  Бірақ, ер адамдардан зәбір көретін әйелдермен салстырғанда түк емес» деген жазбалар да бар.

_95404208_penisseat

Бұл орындықтар уақытша қойылған. Бастама БҰҰ-әйелдері мен жергілікті билік тарапынан қолға алынды. Компания #NoEsDeHombres хэштегімен зорлық-зомбылықпен күресуге шақыруда.

Алайда бұл бастама көпшіліктің наразылығын да тудырып жатыр. Мұны қолдағандар да, ер адамдарға деген құрметсіздік деп атағандар да бар.

Gendes компаниясы гендерлік саясатты ұстанады. Компания елдегі қоғамдық мәселемен күресіп келеді.

2014 жылы Мехико қоғамдық орындарда зорлық-зомбылық болатын елдер қатарында соңғы орынға шықты.

Елде бұл мәселеге қатысты түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, Las Hijas De Violencia арт-тобы көшеде өздеріне жақындамақ болған ер адамдарды түсқағаздармен атып, зорлық-зомбылықпен күрес түрін көрсетті.

Ал, былтырғы жылы елдің мэрі барлық әйелдерге елтаңбасы бар ысқырық тарататынын мәлімдеді. Әлдене болған жағдайда әйелдер ысқырықты пайдалануға болатынын айтты.

Алайда бұл халық арасында күлкілі жайтқа айналып кетті. Жергілікті журналист Андреа Ноэль «Зорлау кезінде айқайлап жатса да, ешкім көмектеспейді. Ал ысқырықпен кімді шақыруға болады?», – деп жазды желіде.

Жіберіп алмаңыз:

70 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты екі жақта жатып бір сәтте көз жұмды

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Науқас қыз тексеру кезінде қыздығынан айырған дәрігерді сотқа берді

Талқылау