Соңғы жаңалықтар

Эфиопия тайпасының ерлері ең семіз деп атану үшін 6 ай сиырдың қанын ішеді (фото)

Эфиопия тайпасының адамдары сиырдың сүтімен бірге қанын ішіп, ең семіз деген атқа таласады.

bloodmilk01

Боди немесе ме’ен деп аталатын бұл тайпада адам семіз болған сайын әдемі деп саналады.

bloodmilk02

Эфиопияның Омо мекенінде тұратын бұл тайпаның адам шошырлық салттары бар. Ер адамдары 6 ай бойы сиырдың сүтімен қанын араластырып ішіп, семіз болуға талпынады. Жеңіске жеткендер өмірінің соңына дейін батыр атанады.

bloodmilk03

Француз фотографы Эрик Лаффорг осы салтты әлемге жариялады.

bloodmilk04-800x564

Әлі де ескі замандай тұрмыс кешетін мекеннің адамдары таяқ ұстап, атақоныстарын қорғайды.

bloodmilk08

Мұның бәрі бірнеше жыл бұрын бөгеттерді тұрғызудан басталған. Gibe III – Африкада ең ірі гидроэлектрстанциясы болу тиіс еді. Елдің энергетикасын екі еселеп, мемлекетке кіріс әкелуі керек болатын.

bloodmilk10

ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұрасы комитеті мен әлемдегі құқық қорғау, экологиялық ұйымдар электростансаның салынуына қарсы болды. Өйткені, экожүйе Омо өзені мен климаттың бұзылуына, 200 000 жергілікті халықтың тұрмысына зиянын тигізетін болды.

bloodmilk20

Бұл тайпаның кәдімгі эфиопиялықтардан айырмашылығы бар. Қалалықтар оларды жабайы деп санайды. Өйткені, бұл тайпа әлі күнге дейін денелеріне жарақаттар салып, еріндерін тесіп, алдыңғы тістерін жұлып тастайды. Олардың балалары жауын өлтіргенде ғана нағыз ер адам болып есептеледі. Ер адамдар әйел алу үшін 25 сиыр мен Калашников автоматын береді.

bloodmilk23

Маусым айында болатын Жаңа жыл мерекесіне дайындалатын ерлері семіру үшін сиырдың қаны мен сүтін ішеді. Әрбір отбасы бойдақ бір ер адамды дайындай алады. Байқау 6 айға жалғасады.

bloodmilk18

Іріктеуден өткен ер адам хижинаға барып, сол жерден шықпайды. Жарты жыл бойы жыныстық қатынаспен айналысады.

Әйелдері сиырдың қаны мен сүтін әкеп береді. Сондықтан бұл жақта сиырларды өлтірмейді.

Сиырдың қанын оның күре тамырын тесіп алады. Кейін сиырдың тамырына балшық ағып тастайды.

bloodmilk21

Көп адам қанды жиіркеніп іше алмайды. Семірген ер адамдардың кейбірі жүре алмай қалады. Салтанат кезінде жарысқа қатысушылар әулие ағашты айналып жүреді. Өзгелері оларды бақылап тұрады. Әйелдері олардың терін сүртеді.

bloodmilk22

Кейін ең семіз ер адам таңдалған соң сиырды өлтіріп тастайды. Сосын оның қарны мен қанына қарап, болшақты болжайды.

Осыдан кейін келесі жылғы байқауды дайындығы басталады.

Мұндағы әр баланың арманы – ең семіз ер атану.

bloodmilk24

Бұл шара кезінде әйелдер күйеужігіт таңдап қана қоймай, әшекейлерін тағынып, әдемі киімдерін киюге асығады.

Жіберіп алмаңыз:

Қоғаммен байланысын үзген бұл тайпа аралға келгендерді шетінен өлтіріп жатыр

Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)

Әлем халықтарының адам шошырлық сексуалды дәстүрлері (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр