Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қоғаммен байланысын үзген бұл тайпа аралға келгендерді шетінен өлтіріп жатыр

Үндістанның Солтүстік аралдарының бірінде өмір сүріп жатқан Sentinelese тайпасы туралы видео жұрттың жағасын ұстатты. Аталған жазбадан олардың келген қонақтарды қандай қатыгездікпен қарсы алатыны көрсетілген.

27D8D29400000578-3049022-image-a-6_1429687109188

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

YouTube желісіне жариялаған видеодан аталған тайпаның өздерімен тілдеспек болған операторларға қалай қарсылық көрсеткендерін көруге болады. Видеоны өңдеушілердің айтуынша, аталған тайпа алғашқы адамдардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін. Олар шамамен осы аралда 60 мыңнан астам уақыт өмір сүріп жатыр.

3EDEBA3600000578-4373014-The_Sentinelese_captured_here_in_rare_footage_are_thought_to_be_-a-98_1491142111492

Әзірге олардың санына қатысты нақты ақпарат жоқ. Аумағы Манхэттендей болатын жерде 40 немесе 500 шамасындағы адам өмір сүріп жатыр деген болжам бар.

3EDEBF0600000578-4373014-Rare_footage_has_emerged_of_the_indigenous_Sentinelese_tribe_loc-m-97_1491142037923

«Оларға сіздің дос немесе қас екеніңіз маңызды емес. Мұнымен қатар, келудегі мақсатыңыз да талданбайды. Бірден бас салып, найзаларын лақтырып, садақтармен ата бастайды. Біздің сыйлық берудегі мақсатымызды да дұрыс түсінбеді», – дейді зерттеушілердің бірі.

27D0081400000578-3049022-To_protect_the_Sentinelese_people_the_Indian_government_has_esta-a-18_1429631756571

1967 жылы Үндістан билігі Sentinelese тайпасымен байланыс орнатпақ болады. Осы орайда,  олар араға антрополог Пэндитті салады. Ол өз кезегінде аралға сыйлық ретінде тамақ пен киім апарғызады.

27CB4A8000000578-3049022-This_satellite_image_shows_the_untouched_North_Sentinel_Island_w-a-21_1429631756822

1970 жылы ғалымдар аталған тайпа өмір сүріп жатқан аралға жақындай түседі. Алайда олар бірден шу көтеріп, қолдарына түскендерін лақтыра бастаған.

1991 жылдың 4 қаңтарында тайпаның 28 әйел мен ер азамат, балалары Пэндитке өздері жақындап келген. Үндістан билігі Sentinelese тайпасына тым жақындауға тыйым салып отыр. Жуырда балықшылардың бірі аралға аяқ басқан екен. Қуанышына орай, тайпаның қатыгездігінен аман қалған. Ғалымдар аталған тайпаның жұқпалы дерттерге тез шалдығатынын айтып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та бір-бірін жастықпен ұратын жарыс өткізілді

Жер атмосферасынан электр энергиясының алып қуаты табылды

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Талқылау