Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

16 жыл үй қамақта отырған 36 жастағы әйел бостандыққа шықты. Ол 20 жасында жүкті болып қалғаны үшін әкесі мен ағасынан зәбір көріп келген. Ал сәбиін әкесі мен ағасы бейтаныс отбасыға берген.

3EC5DD3E00000578-0-image-a-96_1490883476844

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

48 жастағы Жоао де Альмейдаға Бразилия полициясы айып тағып отыр. Мұндай қылмысы үшін ол 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол өзінің туған қарындасын тыржалаңаш күйінде ені мен ұзындығы небәрі 3 метр болатын бөлмеде қамап ұстап келген. Ал Мария Лусияның ұлы бейтаныс отбасыға берілген.

Мария Лусия қамалған бөлмеде дәретхана мен жарық та болмаған. Отбасы оны тыржалаңаш күйінде ұстап, күніне тек 2 мезгіл тамақтандырып отырған. Қуанышына орай, әйел 2017 жылдың 9 наурызы күні қашып шығады. Ал оның үй қамақтан құтылғаны туралы ақпарат тек ағасы сотталғаннан кейін жария етіледі. Енді ағасы 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әкесі тек ұлының айтқанын орындап отырғандықтан, ауыр жарақат алып қалғандықтан, түрмеге қамалған жоқ.

3EC5DD4600000578-4364704-image-a-97_1490885141819

«Ол 20 жасында жүкті болып қалған. Әкесі қызы үшін намыстанып, оны қамап ұстайды. Ал қызының сәбиін басқа отбасына беріп жібереді», – дейді Мария Лусияның қорғаушысы Харли Фильу.

Қызын қамап жатқан кезде анасы араша түспек болады. Алайда әкесі мен баласы оның психологиясына зақым келтіріп, төсек тартып қалатындай жағдайға жеткізеді. Полиция Мария Лусияның үй қамақта отырғаны туралы ақпаратты бейтаныс адамнан алған. Олар үйге есікті бұзып кірген.

3EC5DD4E00000578-4364704-The_room_had_no_electricity_and_the_only_light_came_from_the_win-m-105_1490885306002

«Біз көрген жер – кішкене ғана 3 метрлік бөлме. Ол жердің қаншалықты лас болып жатқанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол есік ашыла салысымен бізді бас салды. Әлгі бөлмеден даусы сыртқа онша естілмейді екен. Дәл сол кезде сүйегі етіне жабысып тұрған еді, қазір аздап толды. Сөйлеудің де не екенін ұмытып қалған сияқты. Жазуды да басынан үйреніп жатыр. Оның 15 жастағы ұлы да табылды. Жуырда олар жолығатын шығар», – дейді полиция өкілі.


Жіберіп алмаңыз:

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз

Бұрынғы нашақор қалай ел таныған миллионерге айналды (фото)

Румыниялық модель өзінің пәктігін аукцион арқылы 2,3 миллион евроға сатты

Талқылау