Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз

Уақыт өте келе ғашықтар өздерінің әр сөзін бақылауды доғарады. Осылайша олар сүйіктісін ренжітіп, ауыр сөздермен жанына жара салады. Олай болса, арадағы жылы қарым-қатынасты сақтап қалуға көмектесетін қарапайым 3 ережені ескере жүріңіз.

29285965-14432910-htrt4fg-0-1490786946-1490786960-650-1-1490786960-650-04f9ebaa03-1490794609

Нені қаламайтыныңызды емес, нені қалайтыныңызды айтуға тырысыңыз

Болымсыз сөйлем адамның көңілін қалдырады. Сол себепті оны қалауларыңызды сипаттауда мүлдем қолданбаңыз. Мұнымен қатар, бұдан кейін серігіңіз өзін қалай ұстарын білмей қалуы мүмкін.

Дұрыс емесі: «Мені сенің 24 сағат бақылағаныңды қаламаймын».
Дұрысы: «Маған сенім артқаныңды қалаймын».

29286015-14459360-htrt4fg2-0-1490789509-1490789511-650-1-1490789511-650-04f9ebaa03-1490794609

«Бірақтың»  орнына «және» шылауын қолдануға тырысыңыз

Иә, бір қарағанда бұл ережеміз оңай болып көрінуі мүмкін. Десе де, оны меңгеру үшін көп уақыт қажет. Бұл шылаулар жанжалдың алдын алып, ғашықтарды достартырады. Айырмашылығын өзіңіз байқап көріңіз:

Дұрыс емесі: «Мен сені түсінемін. Бірақ сенің мені де түсінгеніңді қалаймын».
Дұрысы: «Мен сені түсінемін және сенің мені түсінгеніңді қалаймын».

29286065-14459660-htrt4fg3-0-1490789531-1490789534-650-1-1490789534-650-04f9ebaa03-1490794609

Қошемет сөздер мен тосын сыйларды қуанышпен қабыл алыңыз

Кей адам мақтан сөз айтылса болды, өзі туралы жағымсыз пікір айтуға кірісіп кетеді. Мұндайды өзіңіз де байқаған шығарсыз. Бар мәселе адамның миының қызметінде болып отыр. Ол жағымсыз ақпаратты бірден қабылдайды. Сол себепті, біреуді мақтағыңыз келсе, қошемет сөзіңіз бен сыныңызды араластырмаңыз. Бұл ереженің сынды мақтамен бауыздағандай етіп айтуға еш қатысы жоқ екенін ескеріңіз.

Дұрыс емесі: «Кешегіге қарағанда, бүгінгі тамағың дәмдірек болды».
Дұрысы: «Рахмет, кешкі ас өте дәмді болды!»

Өкінішке орай, сөздің құдіретін жетік біле бермейміз. Жалқаулыққа бой алдырып, жағымсыз әдеттерімізбен күреспейміз. Десе де еңбектің наны тәтті болатынын ұмытпайық.


Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар байлықтың махаббатқа әсерін анықтады

23-баласы дүниеге келген Сары Әулие енді тоқал алмайтынын айтты

Бедеуліктен қалай арылуға болады?

Санасы сау еркектің 10 белгісі

Талқылау