Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас қыз тексеру кезінде қыздығынан айырған дәрігерді сотқа берді

Сәуірдің 3-і күні Новосибирск тұрғыны емханамен соттасып, ақша өндіріп алды. Емхана дәрігері қаралу кезінде қызды пәктігінен айырған.

38365d325650dbc8050b113450c6cbab0bdaad70-900-560x373

29 жастағы бойжеткен 2016 жылдың қаңтар айында перзентханаға келеді. Ол гинекологқа өзінің әлі жыныстық қатынасқа түспегенін ескертеді. Алайда, қаралып жатқанда ауырсынғанын айтады. Кейін дәрігердің қолы қан болғанын көреді. Дәрігер оған ешнәрсе болмағанын айтады.

Ертесі күні бойжеткен өзге гинекологқа барып тексеріледі. Ол қыздың жартылай қыздығынан айырылғанын айтқан. Христиан ұлтының қызы үйленгенге дейін пәк болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл оқиға оның некелесуіне кедергісін келтірген. Айтуынша, осы оқиғадан соң күйеужігіт қыздың пәктігіне күмәнданыпты.

Өткен жұмада сот перзентханаға 45 мың рубль көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Бастапқыда жәбірленуші тарап 2 млн рубль талап еткен. Адвокат Татьяна Попованың айтуынша, шет елдерде бұл үлкен қылмыс деп есептеледі. Ал, Ресейде гинекологтың зиян келтіргені үшін сот арқылы өтемақы беруі алғаш рет болып отыр.

Қызды пәктігінен айырған гинеколог жұмысынан қуылды. Адвокаттың айтуынша, емхана да, дәрігер де жәбірленушіден кешірім сұрамаған.

Жіберіп алмаңыз:

«Пәктікті сатып алған» келіншек күйеуін алдағанына өкініп жүр

Әлемдегі пәктігін сақтаған ең қарт қария нәпсіні тыюдың сырын айтты

Шариғатта пәктігінен айырылған қызға үйленуге бола ма?

Қыз пәктігі сатылымда: қазақстандық еркектер 5-7 мың доллар төлеуге дайын

 

Талқылау