Мәжіліс депутаты Дания Еспаева: Әйел зорлағандарға кастрация жасау керек
Мәжіліс депутаты Дания Еспаева әйел зорлағандарға кастрация жасау керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Депутат және әйел ретінде заң жүзінде зорлаудың кез келген түрін ауыр қылмыстардың қатарына жатқызуды, осылайша айып мерзімін ұзартып, мерзімнен бұрын шартты босату мүмкіндігінен айыруды сұраймын. Мұндай қылмысқа қатысты сот ісінде адамгершілік қағидалары қарастырылмауы тиіс. Мен және фракция бойынша менің әріптестерім тиісті заңға осындай түзетулер дайындаймы", - дейді депутат Дания Еспаева.
Екі жол серіктің ауыр жазадан құтылып кеткеніне наразылық танытқан депутат, бұл мәселені бей-жай қалдырмайтынын айтты. Ол заңға түзету дайындайтынын жеткізген.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды