Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Майра Мұхамедқызы Қарақаттың тойында “Кеш ханшайымы” атанды

Күні кеше Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина ұлдары Айсұлтанды сүндетке отырғызып, қыздары Аяланың тұсауын кестірді. Дүркіретіп той жасаған жұлдызды жұптың қуанышына бүкіл қазақ эстрадасының жұлдыздары ортақтасқан.

Майра Мұхамедқызы

Қонақтардың айтуынша, тойдың қызық өткені соншалық, кешкі сағат 7-де жиналған халық түнгі 2-3-ке қайтпаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ал кенжесінің кешіне Қарақат Әбілдина әбден дайындалған ұқсайды. Ол, тіпті, той қонақтарының киіп келетін киімін алдын ала ойластырған. Шарт бойынша, меймандар қызыл түсті әрі қазақи нақышта киініп келуі тиіс болған. Ал ең ерекше көйлек иесіне Әбілдина тосынсый жасаған.

Сонымен кеште танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызының көйлегі ерекше деп танылған-ды. Өнер иесі “Кеш ханшайымы” атанып, таңырқап қалғанын жасырмады.

“Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында бүгін үлкен қуаныш. Айсұлтан балапан сүндетке отырып, нағыз мұсылман болды! Еліне елеулі азамат болсын! Ал көптің тілеуімен өмірге келген Аяла тәй-тәй басып міне тусауы кесілді. Қадамың ақ болсын! Елдің қызы бол! Той құтты болсын! Аллаһ тағалам барша балапандарды тіл-көзден сақтасын! Әр отбасында осындай әдемі той болсын! Тойдың талабы, Dress code – Red. Қызыл түс әрі қазақи үлгіде деген соң, барымды бір-біріне сәйкестіріп асыға киініп барып ойламаған жерден “Кеш Ханшайымы” деген атаққа ие болып қайттым! Тосын сый керемет болды”, – деп әсерімен бөлісті ол.

Еске сала кетейік, Қыдырәлі мен Қарақаттың қызы Аяла 15 мамыр күні 1 жасқа толды. Бұл күні Болмановтар отбасы Аяланың тұсаукесері мен ұлдары Айсұлтанның сүндетке отыруына байланысты дүркіретіп той жасады. Айта кететін жайт, көпшілік кішкентай Аяланы үлкен ағасы Бекболатқа ұқсатуда.

Тағы оқыңыз: 

Жетіскеннен емес: Лидо оқушы кезінде мейрамханада жұмыс істеген күндерін еске алды

Балаларын сахнаға алып шыққан Роза Әлқожа “Қайрат Нұртасты қайталады” деп сынға қалды

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Сәкен Майғазив елуге дейін ел демографиясына үлес қоспақ

Талқылау