"Майқайың-алтын" кенішіндегі апат: Құтқарушылар шұңқырды қолмен қазып жатыр
Мамандар апат болған орынды геосканермен белгілеп, техника жете алмайтын шұңқырды қолмен қазып жатыр. Құтқарушылар 3 метрге тереңдей түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметі
Павлодар облысында жер астына түсіп кеткен тау-кен құтқарушылары мінген автобусты іздестіру жалғасып жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, экскаватор түбіне түсер алдында тау-кен инженері барлау жұмысын жүргізеді. Техниканың ілгері жылжуы үшін зілзала орындарын анықтайды.
Сонымен қатар іздестіру орнында кинологиялық есептеулер үнемі тексеріледі.
-
Павлодар облысында шұңқырға құлаған автобустың бөлшектері табылды
- "Бес баласы күтіп отыр": Майқайыңда жер астына құлаған автобус ішіндегі қызметкердің жұбайы оқиғаның мән-жайын айтып берді
"Геосканермен белгіленген нүкте ауданына мамандар шамамен 3 метр тереңдей түсті. Іздестіру аумағын кеңейту және металл іздегішпен учаскені зерттеу жүріп жатыр. Алайда апат орнында топырақ пен тау жыныстары жиі үгітілгендіктен, үлкен тастарды алып тастау қиынға соғып жатыр", – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Ал құтқарушылар техника жете алмайтын жерлерді пневмоэлектроинструменттің көмегімен қолмен қазып, жұмыс істейді.
"Павлодар облысы ТЖД ТЖБ және КӘАҚҚ РО құтқарушылары шұңқыр түбінде экскаваторшы мен басқа да мамандар жұмыстарының сақтандырылуы мен қауіпсіздігін тұрақты түрде қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.
Еске салайық, жұмысы тоқтатылған "Майқайың-алтын" шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Құтқарушылар шұңқырға құлаған автобустың бөлшектерін тапты. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.