Туыстары өлді деп мәйітханаға апарып тастаған: Ер адам тіріліп кетті
Кенияда мәйітханада жатқан ер адам тіріліп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Питер Киген үйде есінен танып құлаған соң туыстары оны ауруханаға жеткізген. Жақындарының айтуынша, бірнеше сағаттан кейін дәрігерлер оның ауруханаға жеткенше қайтыс болғанын хабарлайды.
Бірақ аурухана қызметкері Гирберт Черуйотаның сөзінше, Питердің туысқандары өздері оны өлді деп санаған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тексеру үшін уақыт керек екенін айтады, ал олар ақ халаттыларды айыптап, марқұмның денесін мәйітханаға өздері жеткізген.
Мәйітхана қызметкерлері ер адамды бальзамдауға дайындап жатқан кезде оның қимылдағанын байқайды. Содан кейін оны палатаға ауыстырған. Бірнеше күннен кейін ол ауруханадан шығады. Питер туыстары оны өлдіге санап, мәйітханаға жібергенін білгенде қатты таңғалған.
- Қарияны өлдіге санап, тоңазытқышқа қатырған: 20 сағаттан кейін ата тіріліп кетті
- Мәйітін өртейтін кезде әйел адам "тіріліп" кетті
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар