Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарияны өлдіге санап, тоңазытқышқа қатырған: 20 сағаттан кейін ата тіріліп кетті

Үндістанның Тамилнаду қаласындағы бір ауылда көз жұмған қарияның денесі қозғалып, жұртты шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

74 жастағы Баласубраманиан Кумар ауырып, жағдайы нашарлаған. Артынша қария көз жұмады. Немересі атасының денесін сақтау үшін арнайы тоңазытқыш алдырады. Қарияның денесі арнайы бөлімшеге жеткізіледі. Алайда ертесі күні компания қызметкерлері өлген атаның қозғалғанын байқайды.

"Оның қолдары дірілдеді", "Бұл мүмкін емес", "Жаны әлі шықпаған" делінген видеода.

Кумар ағасымен сөйлескеннен кейін қызметкер тексеруді талап етті. Отбасы тоңазытқышты тексеріп, қарияның тірі екенін көрген. Ол тоңазытқышта 20 сағат жатқан. Оны дереу жақын маңдағы ауруханаға жіберілді.

Бірақ отбасын полиция тергеуге алды. Атаның туыстарына қатысты "Адам өміріне қауіп төндіретін немқұрайдылық" және "Өзгелердің өміріне немесе жеке қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттер" баптары бойынша іс қозғалды.

Талқылау