Маусым айында қарбыз жеуге бола ма - Маман жауап берді
Дүкен сөрелерінде бақша дақылдары, соның ішінде қарбыз да пайда болған. Мамандар маусым айында қарбыз алу қаншалықты дұрыс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әдетте, жемістер мен көкөністер тез өсу үшін арнайы химиялық заттар, нитраттар қосылады. Сарапшылардың пікірінше, нитрат – у емес, тез пісуге көмектесетін азот. Бірақ адам ағзасына шамадан тыс нитрат түсс, бұл денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.
“Қарбыздағы нитраттардың мөлшерін көзбен анықтай алмаймыз, ол үшін экспресс-нитратомер деп аталатын арнайы құрылғы қажет. Әдетте нитраттар 60 мг/кг-нан аспауы керек. Одан аспаса, қарбызды жеуге болады, өйткені нитраттардың қалдық мөлшері қалыпты”, – деді зертхана меңгерушісі Гүлнара Сақтапбергенова.
Мамандар бақша дақылдарын шілде-тамыз айларында сатып алу қауіпсіз екенін атап өтті. Әрі арнайы белгіленген сату нүктелерінен алған жөн, онда өнімдер зертханалар немесе бақылау құжаттарымен тексеріледі.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"