Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәскеуде биіктен құлаған қазақ қызының анасы: Әзірге қызымның жағдайы оңалар емес

Мәскеуде университеттің төртінші қабатынан құлаған отандасымыз  хәл үстінде жатыр.  Ресей астанасында білім алып жүрген Томирис Байсафа қазір жасанды тыныстандыру аппаратының көмегімен өмір үшін күресуде. Сау сүйегі қалмаған 21 жастағы қыздың жанында қазір Алматыдан дереу жеткен анасы бар, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мәскеуде биіктен құлаған қазақ қызының анасы: Қызымның өкпесіне қатты зақым келген әрі бір бүйрегін алып тастауға тура келіпті

«Қызымның қабырғасы сынып, өкпесіне қатты зақым келген. Өздігінен тыныстай алмайды. Әрі бір бүйрегін алып тастауға тура келіпті. Әзірге  жағдайы оңалар емес. Бір қалыпты. Дәрігерлер де жөнді ештеңе айтпай отыр», – дейді Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.

Халықаралық қатынастар институты студентінің  4-ші қабаттағы терезеден құлауына нақты не себеп болғаны белгісіз. Қазір дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Мәскеудегі дипломаттарымыз мән-жайды бақылауда ұстап отыр. Ал, Томирис оқыған институттың басшылығы отандасымыздың құлауын оқыс жағдай деп деп отыр. Десе де кейбір мәліметтерге қарағанда Томиристі Магомед Котиев деген студент итеріп жіберген болуы мүмкін. Екеуі жақын қатынаста болғанға ұқсайды. Бірақ, жігіттің өзі мұны жоққа шығарып отыр.

«Қызды мен итеріп жіберген деген сөз тарап жатыр. Бірақ, олай емес. Оны бір-екі рет көргенім болмаса, мүлдем  танымаймын. Есімін де білмеймін. Тіпті, құлаған кезде басқа жерде болғам», – дейді Магомед Котиев.

Оқи отырыңыз:

Арбаға таңылған шымкенттік жігіт арқанмен трюк жасап жұртты таңдандырды (видео)

18 сәуірде Қазақстанда теле және радиоарналар уақытша тоқтатылады

ШҚО-да әкім орынбасары қағып өлтірген жігіт сол күні сүйіктісін кездесуден шығарып салған

Астанада 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынбақшы

Талқылау