"Өзгеріс қорқынышты, есесіне өсіреді": Образын өзгерткен Маржан Арапбаева жанкүйерлерін таңғалдырды

Әлеуметтік желіде жаңа сурет жүктеген танымал әнші Маржан Арапбаева оқырмандарын таңғалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
47 жастағы әнші парақшасында жаңа образын көрсетіп, сурет жариялады.
Суреттерде әнші каштан түстес қалың бұйра шашымен ұзын, жіңішке жолақты ақ жейде мен галстук тағып, сондай-ақ қара шалбармен орындықта отырып түскен.
“Өзгерістер қорқынышты, есесіне өсіреді”, – деп жазды Маржан Арапбаева.
Әншінің жаңа стилі мен сәнді шашы жанкүйерлердің ерекше ықыласын тудырды. Олар жазбаның пікір бөлімін жылы сөздерге толтырды.
“Әдемі болып кетіпсіз, көз тимесін”, “От болып тұрсыз”, “Өте сұлусыз”, “Сізді жақсы көремін”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Маржан Арапбаеваны азаматтық некедегі күйеуі соққыға жыққаны хабарланған еді.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті