Марста топырақ астынан үлкен мұз табылды
Еуропалық ғалымдар Марстағы жер асты шөгінділерінен үлкен мұзды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қызыл планетаның экваторлық белдеуінен мұз табылған.
Мұз қабаты шамамен 300 метр тереңдікте орналасқан және тау жыныстары, шөгінділермен жабылған. Оның қалыңдығы – 4 километр. Сарапшылар бұл мұздың бүкіл планетаны тереңдігі үш метрге дейінгі мұхитпен қамтуға жеткілікті дейді.
Кейінгі үш миллиард жылда Марстағы лава ағынынан мұз пайда болған. Содан кейін ол жанартау күлінің қалың қабатымен жабылған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"